Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбекмин көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшерін жариялады

Көпбалалы отбасы, көпбалалы ана, жәрдемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 10:06 Сурет: pixabay
2021 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің жалпы сомасы 287,6 млрд теңге болған. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің жалпы сомасы 287,6 млрд теңге болып, орта есеппен 449,4 мың отбасы қамтылды, соның ішінде желтоқсанда жәрдемақының бұл түрін 481,6 мың отбасы жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2022 жылы 4 балаға 49100 теңге, 5 балаға 61 383 теңге, 6 балаға 73 666 теңге, 7 балаға 85 948 теңге, 8 балаға 98 016 теңге, 9 балаға110 268 теңге, 10 балаға 122 520 теңге, 11 балаға 134 772 теңге, 12 балаға 147 024 теңге, 13 балаға 159 276 теңгені, 14 балаға 171 528 теңге, 15 балаға 183 780 теңге, 16 балаға 196 032 теңге немесе әр балаға 12 252 теңге төленеді.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: