Жаңалықтар тізбегі
0

Кино және театр актеры Төлеубек Аралбай дүние салды

Төлеубек Аралбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 11:41 Сурет: auezov-theatre.kz
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, театр және кино актеры Төлеубек Аралбай өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ өнері мен мәдениеті ауыр қазаға ұшырады. 72 жасқа қараған шағында театр және кино актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай дүние салды.Театр баспасөз қызметі

Төлеубек Аралбай 1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында дүниеге келген.

1966 жылы Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны бітірген.

1992-1995 жж. Төлеубек Аралбай театр сахнасында еңбектене жүріп Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясын "Драма және кино режиссері" мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1976 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлық құрамына қабылданды.

Театр спектакльдерінде оның алғашқы рөлі О.Бөкеевтің "Құлыным менің" драмасындағы Жігіт еді. Содан бері өткен қырық екі жыл ішінде ол сахнаның үлкен шеберіне айналды.Театрдың баспасөз қызметі

1993 жылдан бері Республикалық Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде "актерлық шеберлік" пәнінен сабақ берген Төлеубек Аралбайдың шәкірттері бүгінде республика театрларында, өзге де өнер ордаларында жемісті еңбек етіп келеді.

Актердың ұлттық сахнадағы биік өнері бағаланып 1995 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген артисі" атағына ие болды.

1998 жылы "Астана" медалін, 2006 жылы "Құрмет" орденін, 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалін алды.

2017 жылы "Парасат" орденінің, 2018 жылы "Үздік екінші пландағы актер" номинациясы бойынша Қазақстан Театрлар Ассоциациясның "Сахнагер" Ұлттық театр сыйлығының иегері атанды.

Актер "Аждаһа жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Азиат", "Қызжылаған", "Шегіртке", "Көшпенділер", "Рекэтир", "Періште", "Мұстафа Шоқай", "Астана – махаббатым менің", "Жаужүрек мың бала", "Жоюшы", "Ликвидатор" фильмдерде негізгі рөлдерде ойнаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: