Сағынтаев: Зардап шеккен кәсіпкерлер 3 айға коммуналдық қызмет ақысынан босатылады

Бизнес, жұмыс, құжат, іс Сурет: pixabay.com
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес иелеріне жеңілдік жасалады, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетілетінін айтты.

Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін 3 ай коммуналдық шығындарды төлеуден босатамыз. Мұндай шығын жергілікті бюджет есебінен жабылады. Сонымен қатар бизнес субъектілерін коммуналдық нысандарды жалға алу ақысынан 6 ай мерзімге босатамыз. Бірақ бұл мәселе әр нысан өкілімен жеке шешіледі. Қазір зардап шеккен бизнеске жеңілдік жасау үшін жалға берушілермен келіссөз жүріп жатыр.Алматы әкімі

Бүгінде "Silk way", "Пассаж", "ЦУМ" сауда орталықтары зардап шеккендердің жалдау ақысына жеңілдік жасауға дайын екенін хабарлады.

Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз