Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар қақтығысы кезінде кәсіпкерлерге келген залалды өтеу механизмі бекітілді

Қаңтар қырғыны, Алматыдағы шеру, жаппай тәртіпсіздік, "Атамекен" ҰКП, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 16:23 Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы қаңтардағы оқиға салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу механизмі бекітілді. Мұны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды жою мәселелері жөніндегі комиссияға премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр төрағалық етеді.

Зардап шеккен кәсіпкерлер келтірілген залалды өтеуге өтінімді барлық қажетті құжатты қоса, ЭЦҚ арқылы InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы бере алады. Кешке дейін InfoKazakhstan.kz сайтында электрон өтінішті толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу бойынша егжей-тегжей нұсқаулық жарияланады."Атамекен" ҰКП

Механизмге сәйкес кәсіпкерлер зардап шеккен аймақтарда Өңірлік комиссиялар құрылады. Олардың құрамына әкімдік, мәслихат, өңірлік кәсіпкерлер палаталары және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

Өңірлік комиссиялар залалды өтеу туралы өтініштерді күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды және мақұлдаған жағдайда, ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.

Қаржы Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушіге аударылады деп болжанады.

Өтеу сомасы мүліктік залалдың 3 түрі бойынша есептеледі:

  1. бүлінген жылжымайтын мүлік бойынша: Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленген, оны қалпына келтіруге арналған шығындардың сметасымен немесе калькуляциясымен расталатын, бүлінген жылжымайтын мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) арналған шығыстар есептеледі.

  2. бүлінген немесе жойылған жылжымалы мүлік және (немесе) тауар-материалдық құндылық бойынша: өтеуге берілетін сома әкімдік немесе қор айқындайтын бағалау және аудиторлық компаниялар дайындаған бағалау туралы есеп (акт) негізге алына отырып есептеледі.

  3. жоғалған (ұрланған) тауар-материалдық құндылық және жабдық бойынша: жоғалған (ұрланған) тауар-материалдық құндылықтар мен жабдықтарды өтеу сомасын есептеу кәсіпкерлік субъектінің 2021 жылғы орташа айлық айналымы негізінде механизммен белгіленген коэффициентке көбейтіліп жүргізіледі.

Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, мүлікке бағалау немесе аудит жүргізуге, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге сметалар жасауға және шығындарды калькуляциялауға байланысты қызметтерге ақы төлеу әкімдіктің немесе «Күшіміз бірлікте» қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бұл ретте, егер кәсіпкер өңірлік комиссия айқындайтын өтеу сомасымен келіспесе, онда ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес сот-бухгалтерлік, сот-тауартану немесе сот-құрылыс сараптамасы белгілейтін нақты келтірілген залал бойынша залал сомасын өтеуді талап етуге құқылы."Атамекен" ҰКП

Бұл механизм 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Еліміздің 9 өңірінде 2266 объектіде орналасқан зардап шеккен 1861 бизнес субъекті анықталды, олардың ішінде Алматыда 1969 объектіде орналасқан 1602 субъект бар. Зардап шеккен бизнес субъектілерінің салалары: сауда – 1663; қоғамдық тамақтану – 68; қаржы секторы – 88; логистика – 36; БАҚ – 6.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: