Атамекен: 1,9 мыңға жуық кәсіпкер өтініш жазды

Смартфон, қоңырау, көмек, гаджет Сурет: pixabay
Елімізде 2 мыңға жуық кәсіпкер тәртіпсіздіктен келтірілген залалды айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz

Мұндай мәліметті Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы жариялады. 21 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның 9 өңірінде 2267 объектіде орналасқан 1863 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды. Оның ішінде Алматыда 1977 объектіде орналасқан 1610 субъект бар.

Зардап шеккен бизнес салалары:

  • сауда – 1664; 

  • қоғамдық тамақтану – 68; 

  • қаржы секторы – 88; 

  • логистика – 36; 

  • БАҚ – 7.

Байланыс орталығына барлығы 11 042 қоңырау түскен. Соның ішінде:

  • мародерлық мәселелері бойынша – 2317, 

  • форс-мажор – 558, 

  • блокбекеттер – 2, 

  • зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша –33,

  • бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 1078, 

  • жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 2435. 

Өңірдегі палаталарға форс-мажор туралы деректер бойынша 1115 қоңырау және 441 өтініш түсті.

Алдын ала есепке сай, залалдың жалпы сомасы 98,1 млрд теңге болды. Оның ішінд 94,8 млрд теңге шығын Алматыға тиесілі.

Зардап шеккен кәсіпкерлерге Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған "Күшіміз бірлікте" қорынан көмек көрсетіледі.Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз