Жаңалықтар тізбегі
0

ЮНИСЕФ алматылық балаларға көмек көрсетеді

Оқу құралдары, ЮНИСЕФ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2022 11:58 Сурет: pixabay
ЮНИСЕФ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдікпен бірігіп, Алматы қаласында балаларға арналған 500 азық-түлік пен оқу құралдарының жиынтығын береді, деп хабарлайды Zakon.kz

Жиынтықтарды тұрмысы төмен отбасылардың мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар алады. Жиынтықтың жартысынан көбі оқушыларға беріледі.

Оқу жиынтықтарында баланы дамытуға арналған кітаптар, сурет салу құралдары сияқты аса қажетті заттар болады.

Қаңтар айында Қазақстанда болған көтеріліс балалардың тыныштығына, көңіл-күйіне әсер еткені өкінішті. Бірінші тұрмысы төмен отбасыларды қолдау керек, сондай-ақ балалардың білім алуы мен дамуына ешнәрсе кедергі болмауы тиіс. ЮНИСЕФ Қазақстанда барлық балаға қажетті көмекті беру үшін тиісті мемлекеттік құрылымдармен біріге отырып, жұмыс істейді.ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен

Сатып алу мен бөлуді ұйымдастыру Алматы қаласының әкімдігі, "Қызыл Жарты Ай" қоғамы мен "Родник" ҮЕҰ-мен бірлесіп жүзеге асырады.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балаларға көмек көрсетудің халықаралық төтенше қоры  (ЮНИСЕФ) 1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін  құрылды. Қор әлемдегі әрбір баланың ештеңеге мұқтаж болмай, лайықты өмір сүріп, сапалы білім алуы үшін жұмыс істейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: