Алматыдағы Президент резиденциясы жоспар бойынша қалпына келтіріледі - ҚР ИИДМ

Қалпына келтіру жұмыстары Сурет: Zakon.kz
ҚР Президентінің Алматыдағы резиденциясын ҚР Президентінің Іс Басқармасы қалпына келтіреді, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов өткізген селекторлық жиында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздің 8 өңіріндегі тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар ғимараттар, оның ішінде мемлекетке тиесілі 45 ғимарат зардап шеккенін хабарлады.

ҚР Президентінің Іс Басқармасы жоспарлы түрде қалпына келтіретін Президенттің Алматыдағы резиденциясын қоспағанда, қазіргі уақытта барлық мемлекеттік нысандар бойынша техникалық тексеру жүргізілді. 45 мемлекеттік нысанның 15-і күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды, қалған 30 ғимарат ағымдағы жөндеуді қажет етеді. ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда төрт нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қалғандары бойынша сметалық және жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз