"QazaqGaz" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚазТрансГаз, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2022 12:48 Сурет: kaztransgas.kz
Ибулла Серді "QazaqGaz" ҰК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) компаниясы жариялаған құжатта көрсетілді.

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

- Басқарма төрағасы қызметінен Қ.Шәріпбаев алынып тасталды.

- Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды.

Енгізілген өзгерістерге сай "QazaqGaz" АҚ Басқармасы жеті адамнан тұрады: И.Серді, Ж.Сүлейменов, Т.Жанұзақ, Б.Абайылданов, В.Хван, А.Майтиев, Р.Абдуллин.

Бұған дейін Ибулла Серді "QazaqGaz" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.

Айта кетейік, 15 қаңтарда "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: