Үкімет отырысында батыс өңірлерін дамытуға арналған құжаттар мақұлданды

Үкімет отырысы, батыс өңірлерді дамыту жоспары Сурет: primeminister.kz
25 қаңтар күні өткен үкімет отырысында Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz

Премьер-министр батыс өңірлерінің ерекшеліктері мен олардың ел экономикасының дамуына қосып отырған үлесін ескере отырып, аталған облыстарда әлеуметтік-экономикалық жағдайды әрі қарай дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту өте өзекті мәселе екенін айтты.

Үкімет басы Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша кешенді жоспарлар өткен жылы қабылданғанын, оларды тағы да бір пысықтап, қосымша қаржыландыру қажет екенін ескертті.

Үкімет отырысы, премьер-министр, батыс өңірлерді дамыту

Сурет: primeminister.kz

Ал Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына келер болсақ, өңір жоспарлары бүгін бірінші рет бекітуге ұсынылды.

Кешенді жоспарлар экономиканың жекелеген салаларын дамытуға ғана емес, сондай ақ сапалы сумен қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімді болуы, жаңа жұмыстарын құру сияқты маңызды мәселелерді шешуге бағытталады. Премьер-министр Әлихан Смайылов

Ақтөбе облысында өнеркәсіп көлемін жиырма бесінші жылға қарай 2,8 трлн теңгеге дейін арттыру және қосымша 39 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 мың шақырымнан астам электр желілері жаңғыртылады. 38 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Шамамен 2,1 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Атырау облысы бойынша электр желілерінде жиілеп кеткен аварияларды одан әрі болдырмау үшін тиісті шаралар қабылданбақ. 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Шамамен 8,3 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысында су тапшылығын ескере отырып, су тұшытатын 9 зауыт пен қондырғы салу және кеңейту көзделіп отыр. Сондай-ақ 55 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Премьер-министр құжаттарда негізінен бюджеттен тыс қаражатты тартуға басымдық беріліп отырғанын және бұл өте құптарлық жайт екенін атап өтті.

Болашаққа сеніммен қарап, жұмыс істеп, табыс тауып, өздерінің бизнестерін дамытып, жақсы емделіп, сапалы білім алуы тиіс. Халықтың тұрмысын айтарлықтай жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет.Премьер-министр Әлихан Смайылов

Үкімет отырысында батыс өңірлерін дамытуға арналған құжаттар мақұлданды. Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне, әкімдіктерге, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кешенді жоспарды уақытылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз