Жаңалықтар тізбегі
0

Берік Имашев қызметінен босатылып, орнына Нұрлан Әбдіров тағайындалды

Жаңа тағайындаулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2022 12:34 Сурет: Акорда
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Берік Имашевтың орнына Н.Әбдіров тағайындалды. Бұған қатысты мемлекет басшысының арнайы жарлығы шыққан.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігі тоқтатылды.

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 1982 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың маусымына дейін ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.

1997 жылғы маусымнан 2000 жылғы мамырға дейін — Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы.

2000 жылғы мамырдан 2002 жылғы қыркүйекке дейін — Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары.

2002 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы маусымға дейін — Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының мемлекеттік инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылғы маусымнан 2009 жылғы қыркүйекке дейін — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.

2009 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы тамызға дейін — Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің төртінші, бесінші, алтыншы сайланымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

2020 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды.

2020 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті сенаты Төрағасының Орынбасары болып сайланды.

"Парасат", "Құрмет" ордендерімен, ТМД ПАА-ның "Содружество" орденімен, медальдармен марапатталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: