Алматыда қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия құрылды

Айман Омарова Сурет: Zakon.kz
Қоғамдық комиссияның тізгіні белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омароваға сеніп тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Turkystan.kz комиссия құрамына белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер кіргенін жазды.

Біз – тәуелсіз қоғамдық комиссиямыз. Екі мыңнан астам қылмыстық іс бар. Комиссия тек жәбірленушілерді, полицияны, соққыға жығылғандарды ғана тексеріп, зерттемейді. Қазақстанда осындай қанды оқиғаның болу себебіне баса назар аударамыз. Оны түгел зерттейміз. Комиссия құрамында қорғаушылар болады. Олардың барлығы тәжірибелі, қылмыстық істі қарайтын қорғаушылар. Комиссия мүшелерінің тізімі бар. Бірақ олардың кім екенін қауіпсіздік үшін жарияламаймыз. Айман Омарова

Сонымен қатар, Айман Омарова жаппай тәртіпсіздікті өз көзімен көргенін айтты. Қаңтардың бесі күні көшеге шыққан ол Алматы көшелерінде ешқандай да бейбіт шеру болған жоқ дейді. Заңгер бүлік шығарған адамдарды да көрген. Бірақ, олардың түрі қазаққа ұқсағанымен, не қазақша, не орысша сөйлемейтінін айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз