Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде шамамен 1,5 мың ғимарат шабуылға ұшырады

Ресми мәлімдеме Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Өңірлік коммуникациялық орталықтағы арнайы брифингіде ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Семей қалаларында 1 476 түрлі ғимараттар мен нысандар шабуылға ұшырады, оның 71-і - мемлекеттік мекеме, оның ішінде 12 әкімдік ғимараты және 27 полиция объектісі де бар. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Ол, негізінен, ең көп зардап шеккен әрі тоналған бизнес нысандары (1 395) екенін баса атап өтті.

Бұдан басқа, 700-ден астам көлік талқандалып, бүлінді, оның ішінде 500-ден астамы - полицияның, Қорғаныс министрілігінің, ТЖМ-ның, жедел жәрдем мен басқа да мемлекеттік органдардың арнайы көліктері.

Осы кезеңде елімізде аңшылыққа арналған заттар сататын жеті дүкен тоналды, олардан қылмыскерлер 1 564 азаматтық қаруды қолды етті.

Қазақстанда 5 қаңтарда тәртіпсіздіктер басталды. Салдарынан 225 адам қаза тапты. Олардың 149-ы Алматыда көз жұмғандар. ҚР ІІМ терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдар ғимараттарына шабуыл жасау және өзге де қылмыстық фактілер бойынша басы-аяғы 1 822 қылмыстық іс қозғалғанын, оның 116-сы арнайы прокурорларға өткізіп берілгенін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз