Жаңалықтар тізбегі
0

«Атамекен» ҰКП наурызда ұйым жұмысын реформалау бойынша ауқымды съез өткізеді

"Атамекен" ҰКП, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 09:25 Сурет: pixabay
Бұл туралы Facebook арқылы тікелей эфирге шыққан «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz

Палата мүшелері съезді 17 наурызда өткізуді жоспарлапотыр.

Біз басқарма активімізбен, 17 өңірдің өңірлік активтер өкілдерімен және құрметті салалық қауымдастықтармен кездесу өткіздік. Талқылау барысында біз апта соңына дейін өңірлік кеңестердің тиісті отырыстары өтеді деп келістік. Съез – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғарғы органы. Егер делегаттар жиналса, онда тек реформалау мәселелерін талқылау керек. Абылай Мырзахметов

Төрағаның айтуынша, апта соңына дейін өңірлік кеңестер өз отырыстарын өткізіп, ҰКП-ны реформалау бойынша қандай мәселелер қажет деп есептейтінін ортаға салады. Өңірлердегі бизнесті толғандыратын мәселелерді қозғап, салалық комитеттердің отырыстарын өткізеді. Сол арқылы ҰКП реформасы мен салалардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар береді. Әрбір комитет пен өңірлік кеңестен жұмыс тобына екі адам делегация болады. Осы іс-шаралардың бәрі ашық форматта өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: