Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ҚР ИИДМ

Әуе рейстері, ішкі рейстер, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 10:12 Сурет: Zakon.kz
Ел аумағында төтенше жағдай режімінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі қалпына келітірілген ішкі рейстер бойынша ақпарат жариялады.

Сондай-ақ, Министрлік төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толық қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алатынын мәлімдеді.

Төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

ҚР ИИДМ қай елдермен әуе қатынасы қалпына келтірілгенін хабарлады.

Бүгінгі таңда 25 елмен аптасына 257 халықаралық рейс орындалады.

Қазақстанда халықаралық әуе рейстері толық дерлік қалпына келтірілді. Елімізге немесе елімізден ұшатын отандық және шетелдік әуе компаниялары өз қызметін толық көлемде жалғастыруда. Олар әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі

Бүгінгі таңда 25 елмен (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Катар, Корея, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Шри Ланка) 76 бағытта аптасына 257 рейс орындалуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: