Алматыда жаңа жағалау пайда болады
Ведомства ақпаратынша, 3 мыңға жуық ағаш егіледі, олардан басқа көпжылдық гүлдер мен шөптерден гүлзарлар, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, бұталар отырғызылады. Жалпы ұзындығы 2,7 шақырым суармалы су құбыры құрылатын болады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Ұзындығы 4,3 шақырым болатын 196 жарықтандыру бағанасы орнатылады. Келушілердің жайлылығы үшін 135 орындық пен урна орнату жоспарлануда".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ балаларға арналған құм мен су аймақтарын, сондай-ақ орындықтары мен үстелдері бар ата-аналарға арналған демалыс аймақтарын құру жоспарлануда. Тротуарлар мен велосипед жолдарын орнату да қарастырылған.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдіктің мәліметінше, бұл жоба Қарғалы өзенінің жағалауын қала шегіндегі бірегей табиғи саябаққа айналдырады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Айта кетейік, 2024 жылғы 17 сәуірде Алматыда Құлагер шағын ауданында "Гүлдер" саябағында "Жас жұбайлар аллеясы" салтанатты түрде ашылды.