Жаңалықтар тізбегі
0

Қонаев қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Қонаев қаласының әкімі тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 16:17 Сурет: gov.kz
Алматы облысы әкімінің өкімімен Асхат Бердіханов Қонаев әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы 2024 жылдың 19 сәуірінде облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Бердіханов 1975 жылы туған, білімі-жоғары. 1995 жылы Павлодар каласының машина жасау колледжін "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдығы" мамандығы бойынша, 2005 жылы С.М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша, 2015 жылы Еуразиялық технологиялық университетін "Электроэнергетика" мамандығы бойынша, 2017 жылы С.М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Энергетика және электротехника" мамандығы бойынша, 2022 жылы А.Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастаған.

Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Балқаш жылу электр станциясы Басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының бас менеджері, "Алатау Жарық компаниясы" АҚ бас инженері, "Samruk-Kazyna Construction" басқармасының бастығы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Ұ.Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектростанциясының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - бас инженері қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қонаев әкімі қызметін Нұрлан Жұматаев атқарған. 2024 жылдың 4 сәуірінде оның "28 наурызда өз еркімен қызметінен кеткені" белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: