СҚО-да 12 жылдан бері қараусыз қалған уран шахталары қоршала бастады

Жол картасы Сурет: pixabay
Жергілікті билік өкілдері арнайы "Жол картасын" әзірлеп, ашық-шашық жатқан кен орындарының төңірегін бекітуді қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде Қызылжар өңірінде осындай алты нысан бар. Құзырлы органдар Ғабит Мүсірепов ауданындағы шахталарды қоршау жұмыстары аяқталғанын хабарлады.  Ендігі кезекте Айыртау ауданы тұр. Мұндағы екі кен орнын қоршап, арнайы белгілерді орнатуға 97 миллион теңге қажет. Экология департаментінің бұл жұмысқа мұрындық болғаны кездейсоқ емес. Кейбір кен орындарында радиация көрсеткіші қалыпты мөлшерден бірнеше есе асқан көрінеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Департамент мамандарымен 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін мониторинг жұмыстары жүргізілген. Осы бақылау кезінде кейбір жерлерде радиациялық зақымдану 1-1,5 есе көп екені анықталды. Осы себептердің бәрі болжамдап, құжаттарды жинап, осындай жол картасы әзірленді. Жоспар бойынша негізгі мерзімдер 2023 жылға дейін созылған. СҚО Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов

Еске салайық, біздің аймақтағы тілшілеріміз,  бұл мәселені бір емес бірнеше рет көтерген еді. Кеңес заманында теріскейде алты кен орны табылып, онда 15 жыл бойы тоқтаусыз уран өндірілген. Ал тоқырау заманында өндірістің барлығы тоқтатылып, шахталар консервацияланған. Жабылған кен орындарын «Уран Ликвид Рудник» компаниясы бақылауға алды. Алайда, бұл кәсіпорын 2010 жылы банкротқа ұшырап, нысандар қараусыз қалғанын айтқан-ек. Тіпті жақын маңайдағы ауыл тұрғындарының ескі өндіріс орындарын тонау фактілері де тіркелген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз