Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Еркін Тұқымов ҚРПрезидентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.

48 жастағы Еркін Валитханұлы Тұқымов саяси ғылымдардың кандидаты, "Сыртқы істер министрлігінің II сыныпты кеңесшісі" дипломатиялық дәрежесі бар. Осы тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы қызметін атқарған.

Сонымен қатар 27 қаңтар күні мемлекет басшысының өкімімен Зарема Шаукенова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз