Жаңалықтар тізбегі
0

Сенаторлар мүгедектігі бар адамдарды Мәжіліске сайлау мүмкіндігі туралы заңды қабылдады

Сенат, заң жобасы, мүгедектігі бар жандар, мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 11:06 Сурет: Парламент сенатының баспасөз қызметі
Сенаторлар мүгедектігі бар адамдарды Мәжіліске сайлау мүмкіндігі туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенат отырысы кезінде депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қарады.

Құжаттарға енгізілген нормаларға сәйкес, Мәжілістің депутаттық мандаты үшін 30 пайыздық квота берілетін санаттар қатарына әйелдер мен жастардан бөлек, мүгедектігі бар адамдар да қосылады.

Бұл құжаттар әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін Мәжілістегі депутаттық мандаттардың кемінде 30 пайызына кепілдік береді. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды депутаттық корпусқа қосу Парламенттің инклюзивтілігін арттыра түседі. Сондай-ақ осы санаттағы адамдарды еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді жұмылдыруға да ықпал етеді. Мәулен Әшімбаев

Сондай-ақ аталған заң жобаларында «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңға, «Қауіпсіздік кеңесі туралы» заңға және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға өзгерістер енгізу көзделген.

Талқылау барысында Сенат депутаттары заң жобаларындағы жаңа нормаларды тұжырымдамалық тұрғыдан қолдай отырып, Конституциялық заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынды және оны Мәжіліске қайтарды.

Отырыста сенаторлар өзекті мәселелерге қатысты депутаттық сауалдар да жолдады.

Нариман Төреғалиев өндірісте жарақат алудың жоғары деңгейіне алаңдаушылық білдірді.

Ал Еділ Мамытбеков «Самұрық-Қазына» қоры туралы заңды қайта қарау немесе оны ел экономикасының дамуына тұсау болып отырған шығынға жатқызу қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Ғұмар Дүйсембаев еліміздің батысында шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Мұрат Бақтиярұлы жалған статистикадан арылу қажеттігіне назар аударды және заң жобаларын мемлекеттік тілде дайындау мәселесіне баса мән беру керектігін айтты.

Сергей Карплюк аймақтардағы өмір сүру жағдайын теңестіру бойынша жүргізіліп жатқан өңірлік саясатты қайта қараудың маңыздылығына тоқталды. Ол қазіргі таңда өңіраралық теңсіздік Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі екенін тілге тиек етті.

Өз сауалында Андрей Лукин атыс қаруының айналымына қатысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл шараларын ұсынды.

Ал Сергей Ершов ел Президентінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру қажеттігі туралы тапсырмасын орындау аясында отандық заңдарды пысықтаудың маңызды екенін сөз етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: