ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппараты, ҚР Энергетика министрлігі Сурет: primeminister.kz
ҚР энергетика министрінің бұйрығымен Жанар Шайқықызы Жарылғасова Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жанар Жарылғасова 1973 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Ұлттық басқару мектебін (Франция) бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1996 жылы Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Отын және көмірсутекті металдардың химиялық технологиясы» кафедрасының жетекші инженері қызметінен бастады.

  • 2000-2008 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

  • 2008-2010 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік және энергетикалық қадағалау комитетінің лицензиялау, лицензиялық бақылау және заңдық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.

  • 2010-2014 жылдары — ҚР Мұнай және газ министрлігінің басқармаларында түрлі лауазымдарды атқарды.

  • 2014-2020 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

  • 2020 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз