Қазақстанда тағы тоғыз оператор институты таратылды

"Оператор РОП" ЖШС, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Сурет: Zakon.kz
2021 жылғы 30 желтоқсанда бәсекелестікті дамыту жөніндегі жаңа заңның қабылдануымен тоғыз оператор институты таратылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы жүргізілген талдау қорытындысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 51 оператордың барын анықтады, оның ішінде 47-сі квазимемлекеттік сектор субъектілері, ал 4-інде түпкілікті бенефициарлар ретінде жеке тұлғалар болды ("Оператор РОП" ЖШС, "Астана-ЕРЦ" ЖШС, "Сәтті Жұлдыз" АҚ, "Silk Way Monitoring"ЖШС).

2021 жылғы 30 желтоқсанда бәсекелестікті дамыту жөніндегі жаңа заңның қабылдануымен тоғыз оператор институты таратылды:

  1. "Астана ЕРЦ"ЖШС,

  2. "Қызылорда облысының өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" ЖШС;

  3. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ;

  4. "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ;

  5. "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК;

  6. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ;

  7. " Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС;

  8. "Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы"АҚ;

  9. "КОРЭМ"АҚ.

Бірыңғай оператор" институттарын таратумен осы ұйымдар өз қызметін жалпы негіздерде жүргізетін болады, олардың бір бөлігі жекешелендірілетін болады, қалғандары - ведомстволық бағынысты ұйымдар ретінде жұмыс істейді.Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

"Оператор РОП" ЖШС функцияларын "Жасыл даму" акционерлік қоғамына беруді, сондай - ақ 9 операторды тарату жөніндегі Агенттіктің ұсынымдарын іске асыруды ескерсек, қазіргі уақытта олардың саны 41-ді құрайды, оның 39-ы-квазимемлекеттік сектор субъектілері, ал қалған 2-і жарғылық капиталда мемлекеттің қатысы жоқ ("Silk Way Monitoring" ЖШС, "Сәтті Жұлдыз"АҚ).

Ведомство бәсекелестікті дамыту жөніндегі Заңда мемлекеттік және жеке меншік операторлардың қызметін реттеу тетігі көзделгенін еске салды. Ол үшін "Арнайы құқық" институты құрылды.

Кез келген заңды тұлға арнайы құқық субъектісі бола алады, бұл ретте мемлекет 100% қатысатын заңды тұлғаларды құру мүмкін болмаған жағдайда жеке операторларды құру мүмкіндігіне жол беріледі.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі заңның нормаларына сәйкес арнайы құқықтар берілген субъектілерді реттеу мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

  • монополияға қарсы органмен келісім бойынша уәкілетті органның бағаны реттеуі;

  • басқа заңды тұлғаларға қатысуға тыйым салу;

  • басқа қызметке тыйым салу;

  • ақпараттың жариялылығы мен ашықтығы;

  • субъектілерге арнайы құқықтар беру кезінде нарықтың жұмыс істеп тұрған қатысушыларына жіберіп алған пайданы өтеу;

  • жұмыс істеп тұрған нарық субъектілерін даярлау үшін кейінге қалдыру кезеңі (заңнамалық норма күшіне енгенге дейін 6 ай).

Осылайша, арнайы құқық институты мемлекеттік органдарды құру процесін едәуір қиындатады.

Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі қағидаттарының қатарында Мемлекет басшысы әділ бәсекелестікті, қабылданатын шешімдердің ашықтығын, мемлекеттік саясаттың болжамдылығын айқын көрсетті.

"Операторлар, әсіресе жекеменшік операторар өткен күннің еншісінде қалуы керек. Барлық салалар бәсекелестікке ашық болуы керек. Нарықтарда жасанды түрде құрылған көптеген делдалдық тізбектерді жою қажет. Ешкім шешкісі келмейтін бұрыннан бар мәселе. Экономиканы деолигополизациялау жөнінде қатаң саясат қажет", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 21 қаңтарда отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз