Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдарына қатысты сұхбат береді

Сұхбат Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев эксклюзивті сұхбат беріп, қоғамды алаңдатқан сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі, деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап беретінін нақтылады.

2022 жылғы қаңтардың басында Қазақстан қалаларында сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты туындаған жаппай наразылықтар тәртіпсіздіктерге ұласты. Президент газ бағасын төмендету туралы шешім қабылдап, үкіметтік комиссияны құрды. Алайда наразылықтар жалғаса берді.

5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. Кейбір қалаларда рұқсат етілмеген акциялар қауіпсіздік күштерімен арадағы қақтығыстарға, талқандап-тонауға ұласты.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Тоқаев Алматыдағы тәртіпсіздіктердің ұйымдасқан екенін атап өтіп, бүлікшілерді террористер, шетелде дайындықтан өткен халықаралық бандалардың мүшелері деп атады. Елде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз