Қысқы Олимпиада ойындарына Қытай атынан үш қандасымыз қатысады

Спорт Сурет: olimpics.com
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қытай құрамасының тізімі жарияланды. Олардың қатарында үш қазақ бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдың «Орталық халық радиосының» дерегінше, XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Баян Жалынқызы, Қадыс Бәделханұлы, Ақнар Адаққызы секілді үш қандасымыз Қытай құрамасының атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, қандасымыз Баян Жалынқызы 1999 жылы Алтайдың Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол Бейжің қаласында өтетін 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Тау шаңғысы спортынан өнер көрсетеді. Баян 2018 жылдан бастап Норвегия елінде 3 жыл бойы тау шаңғысы спорты бойынша дайындалып, біліктілігін шыңдаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз