Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Нығматулин: Мәжілістегі жұмыс менің өмірімдегі маңызды және жауапты кезең болды

Парламент, мәжіліс, төраға, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 10:07 Сурет: Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі
Бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қызметінен өз еркімен босату туралы мәселені қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттардың алдында сөз алған Нұрлан Нығматулин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аса маңызды міндеттер жүктегенін алға тарта келіп, ол мақсаттарға жету үшін кадр саласын жаңарту керек екеніне тоқталды.

Отырыс барысында ҚР Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес, Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі Төрағасының қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасын дауысқа қойып, ол бірауыздан қабылданды.

Биыл мәжіліс спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл, әрине, аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік. Бұл жолда, ең алдымен, Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, қазіргі мемлекет басшысы, партиямыздың төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін, шын жүректен алғысымды білдіремін. Нұрлан Нығматулин

Одан әрі Нұрлан Нығматулин үш шақырылым бірге жұмыс істеген барлық депутаттарға осы жылдар ішінде қолдап, сенім білдірген сайлаушыларға, Мәжілістің заң шығару жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз еткен аппарат қызметкерлеріне, барлық қоғамдық ұйым өкілдеріне, Мәжіліске кірмеген саяси партияларға, Мәжіліс жұмысын насихаттаған журналистерге, сарапшыларға алғыс білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: