Әйелдерге арналған тағы 6 вагон іске қосылды

Пойыз, теміржол, әйелдерге арналған вагон Сурет: pixabay
"Қазақстан теміржолы" 1 ақпаннан бастап әйелдерге арналған вагоны бар пойыз санын көбейтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Пилоттық режимде тағы алты пойыздан әйелдер вагоны ашылды:  

1) № 45/46 "Павлодар Шымкент";

2) № 85/86 "Нұр-Сұлтан-1 Шымкент";

3) № 37/38 "Маңғыстау Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Семей";

4) № 47/48 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Атырау";

5) № 379/380 "Алматы-2 Орал";

6) № 73/74 "Алматы-2 Жезқазған" жолаушылар пойызында әйелдер вагоны жұмыс істейді.

Бұл туралы "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Сайттарда және билет кассаларында әйелдер вагондарына теміржол билетін рәсімдеген кезде жолаушылар мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс. Әйелдер вагондарына ертіп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды рәсімдеуге де болады."Қазақстан теміржолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Жол жүру кезінде сұрақтар туындаса, жолаушылар өз вагонының жолсерігіне немесе пойыз бастығына жүгіне алады. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында клиентке бағдарлану және сервис деңгейін арттыру үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ №77/78 "Алматы – Маңғыстау" және №351/352 "Алматы-1 – Өскемен"жолаушылар пойыздарында әйелдер вагондарында жол жүру қызметін іске қосқан еді.

Жоба іске қосылған сәттен бастап (2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында) бұл қызметті 13 243 әйел жолаушы пайдаланған. 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз