Ет қай өңірлерде қымбат?

Ет Сурет: pixabay
Қазақстанда ет бір жылда 9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz

2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда сиыр етінің бір келісі 2236 теңге болып тұр. Қой еті 2418 теңгеге, жылқы еті 2603 теңгеге дейін қымбаттады.

Ал тауық еті 6 ай қатарынан 1000 теңгеден қымбаттап жатыр. Қазіргі бағасы 1075 теңге болып тұр. Ал шошқа еті 1855 теңгеден сатылып жатыр.

Қалалар бойынша ең қымбат ет Алматы мен Нұр-Сұлтанда сатылады. Елордада сиыр еті үшін ең жоғары баға — 2506 теңге. Бұл — барлық өңірмен салыстырғанда ең жоғары баға.

Елордадағы көрсеткіш:

  • қой еті — 2987 теңге

  • жылқы еті — 3015 теңге

  • тауық еті — 1208 теңге.

Алматыдағы көрсеткіш:

  • Алматыда сиыр етінің құны — 2325 теңге.

  • қой еті — 2920 теңге

  • шошқа еті — 2060 теңге

  • жылқы еті —2939 теңге

Еске салайық, жақында Алматы әкімдігі сиыр етін қаладағы орташа бағадан 13,5%-ға төмен түсіріп, келісін 2050 теңгеден сатып алуға болатын дүкендерді атаған еді.

Жалпы 2021 жылдың қорытындысы бойынша ет пен құс етінің бағасы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6%-ға өсті.

Өткен жылы ет пен құс етінің бағасы бірден 14%-ға өскен еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз