"Жасыл" аймақта тек Түркістан облысы қалды

Коронавирус Сурет: pixabay
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2 ақпандағы жағдай бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.

Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары "сары" аймақта.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта қалып отыр.

Айта кетейік, 1 ақпанда ғана Маңғыстау облысы "қызыл" аймақта тұрған еді.

Емделіп жатқандардың ішінде 10 283 пациент стационарда, ал 125 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 446 адамның жағдайы ауыр. 168 пациенттің жағдайы өте ауыр болса, 84 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 203 671 адам, 2-компонентін 8 775 383 адам салдырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз