Жаңалықтар тізбегі
0

БҒМ: Шетелдік оқу орындарының кампусын ашу студенттердің сыртқа кетуін азайтады

Университет, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 10:44 Сурет: pixabay
Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Аризона университетінің президентімен оқу орнының филиалын ашу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қуаныш Ерғалиев Аризона университетінің президенті доктор Р. Роббинспен және АҚШ-тың Аризона штатындағы Өкілдер палатасының спикері Р. Бауэрспен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде стратегиялық серіктестік және Қозыбаев атындағы СҚУ базасында Аризона университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды.

Білім саласы, IT, инженерия, агро-техникалық және тағы басқа бағыт бойынша оқыту АҚШ-та аккредиттелген білім беру бағдарламасымен ағылшынша жүргізіледі деген уағдаластық бар. Негізгі басымдық қосдипломды бағдарламалар мен бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға беріліп отыр. Сонымен қатар бұл іске халықаралық профессорлар мен бизнес-қауымдастық өкілдері жұмылдырылады. Енді 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Аризона университетімен бірлескен жұмысты бастау үшін стратегиялық ынтымақтастықты бекітетін нормативтік құқықтық құжатты қабылдау керек. Елімізде шетелдік оқу орындарының кампустарын ашу студенттердің сыртқа кетуін азайтып, қазақстандық жоғары білім жүйесіне әлемдік стандарттар мен жаңа әдістемелер енгізуге мүмкіндік береді. Отандық оқу орындары арасындағы бәсекелестік артады.Білім және ғылым вице-министрі

Аризона штаты Өкілдер палатасының төрағасы Р. Бауэрс жобаны жан-жақты қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Білім және ғылым министрлігі, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға 2021 жылы қол қойылған еді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: