Google акциялары қымбаттады

Google, интернет, гаджет, акция, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 16:36 Сурет: pixabay
Google компаниясына иелік ететін Alphabet акциялары төртінші тоқсанның есеп беруінен кейін 9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz

Nasdaq мәліметтері бойынша, Google-ға иелік ететін Alphabet акциялары пост-нарықта 3005 долларға жетті.

Корпорация төртінші тоқсандағы есепті ұсынғаннан кейін қағаздар қымбаттай бастады. Нәтижелер сарапшылар күткеннен де жақсы болған. Қазір компания кірісі 32% өсіп, 75,3 миллиард долларға жетті.

Тоқсандағы жарнамадан түскен табыс 61,24 миллиард долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33% артқан. Нәтиже компанияның былтырғы көрсеткішіне сай келеді.

Тек YouTube-тің жарнамалық кірісі сәл төмен нәтиже көрсетіп отыр. YouTube — қазір Shorts форматын іске қосу арқылы TikTok-қа негізгі бәсекелес.

Alphabet акцияларының бағасы 2021 жылы 65% өсіп, басқа технологиялық алпауыттарды басып озды. Ал Apple жыл соңынан бері 3 триллион долларлық әлемдік рекордқа жақындап қалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: