Смайылов жер қойнауын пайдалану саласын тексеруді жеделдетуді тапсырды

Үкімет жиыны Сурет: pixabay
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов геологиялық барлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта ел аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін шамамен 1 млн 324 мың шаршы шақырым алаң қарастырылған.

Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына 1 млн 65 мың шаршы шақырым жер қойнауы қосылған, тағы 259 мың шаршы шақырымы қосылады. Геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту, пайдаланылмайтын кен орындарын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалану үшін еліміздің барлық қолжетімді аумағын ашу жоспарланып отыр. ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тиісті түрде орындалмауына байланысты кен орындарын игеруге қатысты 31 келісімшарт бұзылып, 101 лицензияның күші жойылды. Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындауына талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр – анықталған бұзушылықтар реттелмесе, келісімшарттар бұзылады және инвестиция тарту үшін аукционға шығарылады.

Премьер-министр жер қойнауын пайдалану саласында ауқымды тексеріс жұмыстарын жеделдетуді және пайдаланылмайтын кен орындарының нақты тізбесін айқындауды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз