Қазақстандықтардың шығыны бір жылда 15%-ға өсті

Әмиян, шығын, қаржы Сурет: pixabay
2021 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы шығыны 206,4 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15%-ға артық. Ranking.kz ақпарттық ресурсының зерттеуінше, 2020 жылдың осы кезеңінде бір адамның шығыны жылына 179,5 мың теңге болған еді.

Адам басына жұмсалатын шығын Алматы тұрғындарында көп. Мұнда әр адам басына жылдық шығын 2021 жылдың үшінші тоқсаны бойынша 278,4 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 9,1%-ға көп.

Шығыны ең жоғары өңірлер қатарында Қарағанды ​​облысы және Нұр-Cұлтан бар. Қарағанды облысында жан басының шығыны 269,3 мың теңге, ал Елорда тұрғынының жылдық шығыны 252,4 мың теңге болған.

Жылдық динамика бойынша шығыстың ең көп өсімі Түркістан облысында байқалды. Өңір тұрғындарының шығыны жылына бірден 26%-ға, яғни 141,5 мың теңгеге дейін өскен.

Шығынның ең аз өсімі Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалды. Әр облыс бойынша шығын жылына 5,7% өскен. Тиісінше өңір тұрғынының бір жылдық шығыны 167,5 мың теңгеге жетті.

шығын, қаржы

Сурет: ranking.kz

Халықтың барлық шығынының 93,3%-ы тұтыну шығындарына кетеді. Ол дегеніміз жылына шамамен 192,5 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан 15,5%-ға көп.

Тақырып бойынша: Қазақстандағы орташа жалақы 275 мың теңгеден асты

Оның ішінде жылына азық-түлік тауарларына кеткен шығын – 109 мың теңге, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 51,3 мың теңге, ақылы қызметтерге – 32,2 мың теңге көлемінде болған.

Несиелер мен қарызды өтеуге кеткен шығын 9,8 мың теңге болса, туыстар, материалдық көмек пен алиментке 3,7 мың теңге, салық және басқа да төлемдерге 395 теңге кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз