Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда COVID-19 жұқтырушылар саны ақырындап азайып келеді

COVID-19, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2022 09:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 927 адамға азайды. Төмендеу елдің барлық аймақтарында тіркелген. Тек Қарағанды облысынан басқасында. Бұл өңірде, керісінше КВИ науқастар санының шамалы өсімі байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 5 ақпандағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті жариялады.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 721 жағдайы тіркелді. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 684,

Алматы қаласында – 1 182,

Шымкент қаласында – 56,

Ақмола облысында – 468,

Ақтөбе облысында – 149,

Алматы облысында – 382,

Атырау облысында – 81,

Шығыс Қазақстан облысында – 233,

Жамбыл облысында – 89,

Батыс Қазақстан облысында – 231,

Қарағанды облысында – 623,

Қостанай облысында – 549,

Қызылорда облысында – 40,

Маңғыстау облысында – 31,

Павлодар облысында – 590,

Солтүстік Қазақстан облысында – 316,

Түркістан облысында – 17.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 266 128-ге жетті.

 

Қазақстанда 14 900 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында – 4 263,

Алматы қаласында – 1 680,

Шымкент қаласында – 0,

Ақмола облысында – 1 017,

Ақтөбе облысында – 84,

Алматы облысында – 212,

Атырау облысында – 756,

Шығыс Қазақстан облысында – 378,

Жамбыл облысында – 66,

Батыс Қазақстан облысында – 140,

Қарағанды облысында – 2 887,

Қостанай облысында – 803,

Қызылорда облысында – 148,

Маңғыстау облысында – 249,

Павлодар облысында – 783,

Солтүстік Қазақстан облысында – 539,

Түркістан облысында – 138.

Елімізде барлығы 1 143 107 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: