Жаңалықтар тізбегі
0

Шавкат Рахмонов UFC Vegas 47 турниріндегі жеңісі үшін 40 млн теңге сыйақы алады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2022 13:06 Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі үшін алатын ақшалай сыйлық сомасы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстандық файтер октагондағы 15-ші жеңісі үшін 94 мың АҚШ долларын алады, яғни 40 641 840 теңге. Бұл соманың ішінде Шавкаттың жекпе-жекке шыққаны үшін — 20 мың, тағы 20 мыңы Харристы жеңгені үшін және UFC Vegas 47 турниріндегі ең үздік жекпе-жек болғаны үшін 50 мың бонус, ал 4 мың — жекпе-жектен бір апта бұрын берілетін ынталандыру төлемі.

Өзімді тамаша сезінемін, жеңістен кейін әрқашан бойыңды қуаныш билейді. Бұл қауіпті қарсылас еді, екі жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған. Оның төбелестерін қарап, оған қарағанда әлдеқайда білікті екенімді білдім, залда кәсіби спортшылармен жұмыс істеймін, өзіме бек сенімді сезімде боламын. Менің тәлімгерлерім де одан мықты екенімді айтты. Мен Генри Хуфт пен Баян Маратұлы Жанғаловтың жоспары бойынша жұмыс істедім, бұл — солардың нәтижесі. Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов қазіргі UFC спортшылары арасында рекорд орнатты, Харристі сұлатқаннан кейін ол өзінің жеңіс сериясын 15-ке дейін арттырды. Бір қызығы, қазақстандық барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап келеді.

Ары қарай не болады? Мен дайынмын, топ-10, топ-15, айырмашылығы жоқ. Егер топ-15-ті ұсынбаса, онда Мишель Перейруді берсін. Жақында ол біздің залдың бірі Sanford-ты жеңіп алды. Онымен бірге жақсы шоу көрсеткім келеді, деңгейімді көрсін бәрі. Мүмкін, жазда шығар, ол жағын нақты айта алмаймын. Үйге барамын, жаттықтырушыларыммен сөйлесемін, аяқ-асты жекпе-жекке шақырту тастамаймыз. Солай ойлаймын. Шавкат Рахмонов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: