Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғасы: 789 адам қамауға алынды, оның 205-і бұрын істі болғандар

Оқ, қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 19:33 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар қаңтардағы оқиғаларға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің мәліметінше, жеке құрам ерекше режим жағдайында қызмет етіп жатыр. Еліміздің барлық өңірінде ішкі істер органдарының 17 мыңнан астам қызметкері мен әскерилері жұмылдырылған.

Қазір 9 блок бекет жұмыс істеп тұр, онда 200 қызметкер бар. Сонымен бірге 6 рубеж бекеті өтіп бара жатқан автокөлікте тыйым салынған және ұрланған заттардың бар-жоғын тексереді.

Қазір ішкі істер органдары тергеушілерінде 2548 қылмыстық іс бар. Лаңкестік шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктер бойынша барлық қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергейді. Қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына 887 адам ұсталды. Оның 789-ы қамауға алынды. Олардың 205-і бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 8-і іздеуде жүрген адамдар. Олардың кінәсі заттай дәлелдермен, видобақылау камерасындағы жазбалармен, куәлардың айғақтары және басқалармен дәлелденді.Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Ішкі істер органдарының тергеушілері арнайы прокурорлармен бірлесе отырып, қаңтар оқиғасының себептерін анықтау, қылмыс іздерін алу және бекіту, қажет дәлелдемелер базасын жинау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл жұмысқа 200-ден астам тергеуші жұмылдырылған. Қазір бүлінген ғимараттың бәрін тексеру аяқталды.

Бүлінген ғимараттар саны 1500-ден асады. Сонымен бірге 700-ден астам көлік бұзылған. Куәлар мен жауап берушілер ретінде 10 500 адамнан жауап алынды.Cанжар Әділов

Жұмыс нәтижесінде қылмыскерлер мен жасыру орындарынан 828 қару, 18 мыңнан астам оқ дәрі, 286 арнайы құрал тәркіленген. Сонымен қатар 65 дана қаруды адамдар ерікті түрде тапсырған.

Тергеу департаментінің бастығы тергеу органдары тек ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды ғана ұстайтынын қайталап ескертті.

Санжар Әділов азаматтардан тек ресми тексерілген ақпарат көзіне құлақ асуды сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: