Қолданыстағы утилизациялық алым мөлшерлемесі қайта өңдеу шығынын өтемейді

Утилизациялық алым мөлшерлемесі Сурет: pixabay
ҚР Экология министрлігі утилизациялық алым мөлшерлемесі коэффициенттері төмен екенін және бұл қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеуге кететін шығындарды өтемейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. тілші
Бүгінгі таңда утилизациялық төлем мөлшерлемесінің қаптауға есептелетін коэффициенті төмен және бұл қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге кететін шығынды жаппайды.Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев қол қойған Zakon.kz-тің сауалына берген жауабынан

Бұл ретте утилизациялық төлемнің базалық мөлшерлемесі мен коэффициенттері утилизациялық төлемді есептеу әдістемесі арқылы реттелетіні көрсетілген. Ол өз кезегінде АЕК-ке байланысты, ал АЕК жыл сайын өсетіндіктен, утилизациялық төлем де артып отырады.

Утилизациялық төлемінің базалық мөлшерлемесі АЕК-те көрсетілген. Мәселен, 2015 жылы АЕК мөлшері 1952 теңге болса, 2021 жылы 2917 теңге болды. Осылайша, утилизациялық төлемнің мөлшерлемесі Қазақстанда АЕК-тің өзгеруіне байланысты артады.Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев

Ведомство автокөліктер мен ауылшаруашылық техникаларына төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесіне қатысты сұраққа жауап бермеуді жөн көрді. Бұл сұраққа қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүгінуді ұсынды.

Сондай-ақ вице-министр редакция тарапынан қойылған «Қазақстанға жалпы утилизациялық алым қажет пе және оны мүлде алып тастаған жөн шығар» деген сұрағымызды жауапсыз қалдырды.

31 қаңтарда утилизациялық алымға қатысты жұмыс тобының V отырысы өтті. Талқылау барысында министр Серікқали Брекешев өңдеушілердің өңдеуді ынталандыру көлемін өзгерту туралы ұсынысын қарауға дайын екенін жеткізген еді.

Экология министрлігіндегілердің айтуынша, жиында «әңгіме өңдеу үлесін ұлғайту мақсатында қайта өңдеушілерге төлемді арттыру мүмкіндігі төңірегінде өрбіген және көлік, ауыл шаруашылығы құралдары мен кабель өнімдерінің утилизациялық төлем мөлшерлемесін арттыру мәселесі мүлде қозғалмаған».

Қазақстанда 2016 жылдан «Қазақстанда өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері» қағидасы енгізілді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері енгізілмей тұрғанда қайта өңдеу деңгейі 2,7% болса, ӨКМ енгізілгеннен кейін оның көлемі 13,2%-ға жеткен.

Утилизациялық төлем енгізудің мақсаты қайта өңдеу кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсер ететін қалдықтардың мөлшерін азайту мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу саласына инвестиция тарту болған.

Бұл алым түрі халықаралық тәжірибеде бар әрі осыған ұқсас ережелер Беларусь Республикасы (2014 жылдан бастап) және Ресей Федерациясы (2012 жылдан бастап) сияқты ЕАЭО-ға мүше басқа елдерде де қолданылады.

Көлік құралдарына утилизациялық төлемінің екі негізгі мақсаты:

  • біріншіден, бұл қалдықтарды өңдеу өнеркәсібін экологиялық дамыту, қайта өңдеу кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсер ететін қалдықтардың мөлшерін азайту;

  • отандық өндірісті ынталандыру және Қазақстан Республикасындағы өндірісті оқшаулау үшін шетелдік инвесторларды тарту.

    2 ақпанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерлемесі қашан бекітілетінін мәлімдеді.

    27 қаңтарда министр кабель өнімдеріне утилизациялық төлемінің тоқтатылатынын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз