Асхат Аймағамбетов ерекше пост жазып, ғалым әйелдерді құттықтады

ҚР Ғылым және білім министрлігі, ғылымдағы әйелдер, ғалым әйелдер күні Сурет: pixabay
Бүгін әлем ғылымдағы әйелдер мен қыздар күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылымда жүрген қыз-келіншектерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Асхат Аймағамбетов ғылымда жүрген қыз-келіншектерді Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы құттықтады.

Оның айтуынша, Қазақстанда ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар. Олардың 714-і ғылым докторы, 2427 әйел – ғылым кандидаты, 992-сі PhD докторы, 28-і бейіндік докторлар екен.

Осыншама нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр. Жыл сайын ғылымдағы әйелдер саны артып келе жатқанына қуаныштымын. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Білім министрінің мәлімдеуінше, бүгінде еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ы әйелдерден тұрады екен.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов коронавирус пандемиясымен күрес кезіндегі ғалым әйелдердің еңбегін ерекше атап өте келе, Закарья Күнсұлу Дальтоновнаның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалғанын тілге тиек етті.

Ғылымдағы нәзік жандарды халықаралық мерекемен құттықтаймын. Отандастарымыздың өмірін жақсарту үшін және еліміздің ғылым саласын дамытуда атқарып жүрген баға жетпес қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін!Асхат Аймағамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз