Экология министрлігі дельфинарийлердің неліктен 2029 жылдан бастап жабылатынын түсіндірді

Дельфин Сурет: pixabay
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» жаңа заңдағы дельфинарийлерді жабуға қатысты норма неліктен тек 2029 жылдан бастап іске асатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстанда бір дельфинарий бар. Ол Алматыда орналасқан. Онда тек афалина дельфинінің екеуі ғана бар. Осы екі дельфинді табиғи мекеніне қайтару адамгершілікке жатпайды деп ойладық. Себебі оларды тасымалдау кезінде дельфиндер екі күн бойы транзитте болады. Бұл дегеніміз – жануарларға қатыгездік жасау. Сондықтан біз дельфинарийлерге дельфиндердің өмір сүру ұзақтығын ескеріп, 2029 жылға дейін уақыт бердік.Әлия Шалабекова

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрінің айтуынша, 2025 жылдан бастап хайуанаттармен байланыса алатын бақтар мен жылжымалы аң көрмесі жабылады. Ал 2025 жылға дейін олардың иелері жануарлардың толық қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар хайуанаттар баққа, оңалту орталықтарына немесе баспаналарға орналастырылуы қажет.

Еске сала кетейік, экология белсенділері мен жануарларды қорғау ұйымдары Қазақстандағы дельфинарийді жабуды өтінген еді. Кейін Экология министрлігі дельфинарий 2029 жылы ғана жабылатынын хабарлады.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз