Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда бір отбасының әбден арып-ашыған төрт баласы ауруханаға түсті

Көпбалалы отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2022 11:31 Сурет: pixabay
Екібастұзда адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатқан аш-жалаңаш төрт бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Vita қайырымдылық ұйымы Екібастұз қаласы мемлекеттік органдарының өтініші бойынша көпбалалы отбасына көмекке барған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz .

Тез арада азық-түлік пен памперс, сабын, жуу құралдарын жинап, қолда бар заттармен аталған отбасына бардық. Сондай-ақ демеушілер ұсынған заттарды жеткіздік. Тазаланбаған пәтерде төрт бала (7 жас, 5 жас, 4 және 3 жас) ауыр жағдайда өмір сүруде.  Олардың барлығы ауруға шалдыққан, жүре алмайды. Қыздың іші үлкен болып өсіп кеткен. Ұлдардың бірі  екі күннен бері құсып жатыр. Екі үлкен баланың аяқтары қайырылған. Олардың  үш күннен бері тамақ ішпегені белгілі болды. Себебі, үйде тамақ болмаған. Волонтерлар

Балалардың мұндай халге түскенін көрген еріктілер есеңгіреп қалған. «Олардың  ата-аналары  балаларын неге емдемеген? Неліктен үш күннен бері аш құрсақ жүр?» деген сан түрлі сауал туындаған. 

Балаларға жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Оқиға орнына келген дәрігерлер шұғыл түрде анасымен бірге балаларды ауруханаға жатқызды.  Үстеріне кигізетін киім де болмады. Қолда бар киімді кигізіп, сыртқа алып шықты.  Балалар дұрыс тамақтанбаған, далаға шықпаған. Құдды бір Маугли тәрізді адамдардан қорқады, – деп қапаланады еріктілер. 

Анасының айтуынша, олардың денсаулығы жыл сайын нашарлаған. Шамамен бір жыл бұрын жүрмей қойған. Балалар ешқандай медициналық мекемеге бекітілмеген,  мүлдем дәрігерлерге жүгінбеген. Еріктілер балаларға арналған заттар мен ойыншықтар жинап, ауруханаға жеткізді. Олар балалардың жағдайы оңалып, қалыпты өмірге оралады деген үмітте. 

Отбасы екі жыл бұрын Қалқаман ауылынан көшіп келген. Балалар емханаға тіркелмеген, мүгедектік мәртебесін алмаған. Олар өздігінен қозғалып, тамақ іше алмайды. Әкімдік қызметкерлері

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл балалар Павлодар облыстық балалар ауруханасының инфекциялық стационарына, коронавирус науқастарға арналған госпитальға жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, балалар ауруханаға коронавирус белгілерімен түскен. Олардың физикалық дамуында ауытқу бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: