ШҚО-да ауған соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді

Марапаттау Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу күніне байланысты ШҚО-да ҚАЖД-ға қарасты ОВ-15/14 мекемесінде спорттық іс-шара өткізіліп, ауған соғысының ардагеріне құрмет медалі табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz

1985-1987 жылдар аралығында Кандагар қаласындағы соғысқа Кеңес Үкіметінің интернационалист-жауынгері, артеллерист ретінде қатысқан Қалмақбаев Ержан Құрманғазыұлы Нұр-Сұлтан қаласы «Құқыққорғау органдары ардагерлерінің қоғамы - Намыс» қоғамдық бірлестігінің «Кеңес Одағының Ауғанстандағы әскери операциясының басталғанына 40 жыл» медалімен марапатталды.

Марапаттау шарасы

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Өз өмірін қатерге тіге отырып, Отан тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еткен кешегі күн батырының өмір жолы қылмыстық атқару жүйесінің жас қызметкерлерін тәрбиелеуде керемет мысал екендігі хақ. Қазіргі таңда жұмыс істеп, немере өсіріп отырған бейбіт өмір адамы - ардагер жастарға бейбітшіліктің ең жоғары ләззат екендігін айтады.

Жаулардың әртүрлі қулыққа толы іс-әрекеттерін көргенде жаның табанына кетеді. Мен өзімді «Батырмын» демеймін, біз бейбіт елді қорғау үшін осы соғысқа жіберілдік және өз міндетімізді ешқандай жағдайға қарамастан орындап келдік. Ауғанстан - тек қана қан, өлім, жан жарасы емес, ол арада да жақсы сәттер, мызғымас достық болды. Соғыста бәрі басқаша, өмірдің мәнін түсінесің, жаныңдағы әр адамның өмірін қызғыштай қорғайсың. Бізге бәріне төзуге тура келді. Күндізгі ұзақ уақыттағы 50-60 градустық ыстық, түнгі қатты суыққа шыдап, кейде, тіпті айлап ауызсудың өзіне зар болып қалатынбыз. Бірақ, соған қарамастан біз өзіміздің міндетімізді лайықты орындадық. Қазіргі жастар біз тәрбиеленген қағидаларда өссе деймін: Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік пен бірлікте. Қалмақбаев Ержан

Ауған соғысына 40 жыл

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Мен осындай ер-азаматпен бірге қызмет атқарып жүргеніме өте разымын. Ол біздің мекемеде 20 жылдан аса уақыт қызмет атқарып келеді. Тәрбие бөлімінің жасақ бастығы лауазымынан 2017 жылы зейнеткерлікке шыққан ол қазіргі уақытта мекемеде еркін жалдамалы қызметкерлер қатарында еңбек етуде. Жас қызметкерлердің алдында өмір жолы үлгі болған азаматқа тек жақсылық тілейміз. Түзеу мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Айдын Қалелов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз