Нұр-Сұлтаннан 7 708 текше метр қар шығарылды

Қолайсыз ауа райы Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қар тазалау жұмыстарына 1800-ден астам жұмысшылар мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні Астанадан 7 708 текше метр қар шығарылып, қар полигондарына 623 рейс жасалды.

Қар тазалау

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қысқы кезеңде Нұр-Сұлтаннан 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Қолайсыз ауа райы

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болдырмас үшін көлік қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік объектілерге кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалың қар

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазгидромет" РМК-ның болжамынша, алдағы күндері Нұр-Сұлтанда қалың қар түсіп, күн борайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз