Қысқы олимпиада: 14 ақпан күнгі жарыс кестесі

Бейжің олимпиадасы, Қысқы олимпиада, жарыс кестесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 09:16 Сурет: olympic.kz
Қысқы олимпиада ойындары бағдарламасының 11-күні төрт спорт түрінен медальдар сарапқа салынады, соның ішінде фристайл акробатикасы бойынша қазақстандық спортшылар жарыс алаңына шығады, деп хабарлайды Zakon.kz

14 ақпанда 2022 жылғы Қысқы олимпиада ойындарында әйелдер арасында фристайл акробатика бағдарламасы бойынша үздіктер анықталады. Қазақстанның атынан екі қатысушы – Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаева қатысады. Қыздар іріктеу кезеңін 13 ақпанда бастауы керек еді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты байқауды ұйымдастырушылар іріктеу кезеңін 14 ақпанға ауыстырған болатын.

Бірінші іріктеу 13:00-де, екіншісі 13:45-те өтеді.

1-финал – 17:00, 2-финал – 18:00-де болады.

Спортшыларға сәттілік тілейміз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: