Димаштың өнеріне тәнті болған индонезиялық қыз қазақтың ұлттық киімін тікті

Димаш Құдайбергеннің жанкүйері, Димаш Құдайберген, Индонезия Сурет: Instagram/rizky_survive.star
Димаш Құдайбергеннің Индонезиядағы жанкүйері өз қолымен қазақтың ұлттық костюмін тігіп шықты. Кики Чанды қазақша сәукеле мен көйлек тігуге шабыттандырған Қазастанның бірегей мәдениеті болған, деп хабарлайды Zakon.kz
Димаш әрқашан туған елінің мәдениетіне зор сүйіспеншілікпен қарайды. Жеке өзім үшін Қазақстанның мәдениеті ғажап әрі ерекше болғаны соншалық, қазақтың ұлттық киімін киіп немесе ұлттық музыкалық аспабын тартып көргім келді. Қазақстанның сұлулығы менің жүрегімді және дүниежүзіндегі барлық Dears-тың жүрегін жаулап алды.Кики Чан

Бала күнінен әртүрлі ұлттардың дәстүрі мен әдет-ғұрпына қызығатын Кики Чан қазақтың да ұлттық костюмін тігіп көргісі келіпті.

Dears, Димаш Құдайберген, жанкүйер, Индонезия

Cурет: Instagram/rizky_survive.star

Кики Чан қазақтың ұлттық киімін зор құрметпен әрі ерекше ыждағаттылықпен тіккенін айтады. Материал мен образды ұзақ таңдап, ақыры бір тоқтамға келген.

Сөйтіп ол қазақтың туы бейнеленген жамылғы тігуді құп көріпті. Кики Чанның айтуынша, киімдегі ақ үлпек те бекерге таңдалмаған. Ол Қазақстанның суық, қарлы климатынан хабардар етеді.

Димаш Құдайберге, Индонезия

Сурет: Instagram/rizky_survive.star

Ту мен ою-өрнекті моншақпен өте мұқият кестеледім. Дайын болған мантияны үлкен құрметпен киемін, себебі ту – елдің символы. Мен Индонезия мен Қазақстан арасындағы достықты білдіре отырып, қазақ мәдениетін көрсете алғанымды мақтан тұтамын. Сондықтан бұл костюмді тіккеніме қатты қуандым.Кики Чан

Кики Чан, Индонезия, Димаш Құдайберген

Сурет: Instagram/rizky_survive.star

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз