Жаңалықтар тізбегі
0

Абзал Әжіғалиев: Қазақ балалары қысқы спортта әлсіз деген стереотипті бұзғым келді

Абзал Әжіғалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 11:59 Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев 500 метрге жүгіруден Бейжің Олимпиадасында 4-орын алды. Спортшы жарыстан соң сұхбат беріп, финалда бар күшін салғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Абзал Әжіғалиев Олимпиадаға іріктеу қиын өткенін жасырмады. Өйткені алдыңғы маусымды денсаулығына байланысты дұрыс өткізе алмаған еді.

Менің спорттағы ең үлкен арманым – шорт-тректі дамыту еді. Қазақ балалары қысқы спортта әлсіз деген стереотипті бұзғым келді. Біздің де коньки теуіп, сырғанай алатынымызды көрсеткім келді.Абзал Әжіғалиев

Шорт-трекшінің сөзінше, жанкүйерлер жазғы спорт түрлеріндегі атлеттерді бірден таниды да, қысқы спортта қанша жүлде алып жүрсе де, шорт-трекшілер тасада қалып қояды.

Басты мақсатым – жанкүйері осы ойдан арылту болды. Еліміздегі ең жас спорт түрлерінің бірі екеніне қарамастан, біздің шорт-трекшілер әлем кубогі кезеңдерінде үнемі жүлде алып жүр. Әлемде алғашқы ондыққа енеміз. Бұл дәстүр одан әрі жалғасарына сенемін. Абзал Әжіғалиев

Қазақстандық шорт-трекші финалда бар күшін салып, елін қуантқысы келгенін айтты. Ол медаль алмағанына аздап өкініп те қалды.

Бар күшімді салдым. Қазақ халқын қуантқым келді. Финалға дейін екі бірдей Олимпиада чемпионы жарыс жолынан шығып қалды. Осындай бәсекелестікпен ақтық сынға жеткенім қуантады. Өкінішке қарай, медаль бұйырмады. Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев

Еске сала кетейік, финалдық сында қазақстандық Абзал Әжіғалиев өнер көрсетіп, ақтық бәсекеде мәре сызығын төртінші болып кесті.

Абзал Әжіғалиев – қысқа қашықтықтарға жүгіруден әлем кубогінің жеңімпазы әрі бірнеше дүркін жүлдегері. Ол Сочи және Пхченчхан Олимпиадаларына қатысып, А финалына алғаш рет Бейжің ойындарында шыққан еді. 

Әзірше Абзал қазақстандық шорт-трекшілердің Олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеп отыр. Бұған дейн отандық шорт-трек шеберлері Олимпиадада төрттікке енген емес.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: