Сұйытылған газбен айналысатын тағы бір компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сұйытылған газ, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 12:30 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қаласының прокуратурасы оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын сатумен айналысып келген «Petrosun» ЖШС-ға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz
2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін «Petrosun» ЖШС жағдайды асыра пайдаланып, автогаз бағасының шекті деңгейін ай сайын көтеріп отырған. Соның салдарынан көрсетілген кезең аралығында тауардың тоннасы 323,8 пайызға дейін өсті.

Прокуратураның мәлімдеуінше, компанияның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабының 2-бөлігі (монополиялық қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: