Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Түркістан облысы, жоғалған жасөспірім, жасөспірім, жоғалды, іздеу салды Сурет: pixabay
Түркістан полицейлері екі күн бойы хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Zakon.kz

Полицейлердің мәлімдеуінше, Сарыағаш АПБ-ға күндізгі сағат 10:30 шамасында Құркелес ауылының тұрғыны хабарласып, 17 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. Анасы баласын екі күн бойы өз бетінше іздегенімен, таба алмаған.

Сарыағаш АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер оны Түркістан қаласында досымен жүрген жерінен тапты. Белгілі болғандай, жоғалған бала отбасындағы дау-дамайға бола, үйінен кетіп қалған. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман-есен қауышқан ана полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Баламның із-түзсіз жоғалып кеткеніне 2 күн болды. Ары іздеп, бері іздеп, таппаған соң полицейлерге хабарластым. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлеріне көп рақметімді айтамын.Жоғалған баланың анасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз