Елордалық оқушылар ауа райына байланысты қашықтан оқиды

Онлайн оқу Сурет: unsplash
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлады.

14 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшіп жатыр.Нұр-Cұлтан қаласы Білім басқармасы

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 14 ақпанда Нұр-Сұлтанда ауа райы бұлтты болады. Түнде де, күндіз де қалың қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 9-14 метр жел соғады.

Ауа температурасы түнде -6...-8°С, күндіз -1...-3°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз