Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 45 сантиметрге дейін қар жауды

Қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 10:25 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 45 сантиметрге дейін қар түсті. Алматыдағы қар күреу жұмысы туралы ақпаратты қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматыда қар15-18 сантиметр (сағат 08:00-де), тау етегінде 22-30 сантиметр, тауларда 45 сантиметрге дейін түсті.Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы

Басқарманың хабарлауынша, сағат 24:00-ден бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материал себілді. Ал сағат 03:30-дан бастап қар күрейтін колонналар ұйымдастырылды.

қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 10:25

Сурет: Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы

Таңертеңгі қарбалас уақытта қаланың негізгі көшелері мен жоғарғы бөлігінде үш рет қар күрелді, жиналды. Тротуарларда, жаяу жүргіншілер аймақтарында, қоғамдық көлік аялдамасы мен қоғамдық орындарда қарды техникамен де, қолмен де күреу күшейтілді. Сағат 08:00-де 330 текше метр қар шығарылды.Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы

қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 10:25

Сурет: Zakon.kz

Қарды күреуге барлығы 616 арнайы техника, 1463 жол жұмысшысы жұмылдырылып, 2950 тонна тайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Қазгидрометтің болжамына сай, жауын 15 ақпанда күннің бірінші жартысында тоқтайды. 15 ақпанда күндіз ауа температурасы 0-3°C.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: