Жаңалықтар тізбегі
0

Аудиторлық ұйымдардың жұмысы тексерілгелі жатыр

аудиторлық ұйымдар, Қаржы мониторингі агенттігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 10:21 Сурет: pixabay
Қаржы мониторингі агенттігі аудиторлық ұйымдардың қызметіне күмән келтіріп, олардың жұмысын тексеру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаржылық мониторинг агенттігіндегілердің мәлімдеуінше, аудиторлық ұйымдар клиенттердің жұмысындағы олқылықты анықтау үшін олардың қаржы қызметін тексереді, салық салу, кәсіпорынның есеп саясаты және басқа да мәселелер бойынша кеңес береді. Сондықтан да олар көлеңкелі схемалардың, атап айтқанда салық салудан жалтару, бюджет қаражатын жымқыру, ақша қаражатын заңсыз шығару және оффшорға аудару сияқты немесе өзге де белгілерін уақтылы анықтай алады.

Осыған байланысты аудиторлық ұйымдар қаржы мониторингі субъектілерінің тізбесіне енгізілген, оларға Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңның барлық талабы қолданылады.Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда 484 аудиторлық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 418-і ғана Қаржылық мониторинг агенттігінің қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінде тіркелген.

Агенттіктің деректер жинау жүйесінде тіркелгендердің ішінен аз ғана бөлігі шекті және күдікті операциялар туралы хабарлама жібереді.

Агенттік өз кезегінде жоғарыда көрсетілген мәліметті кейіннен тексеру және қажетті шаралар қабылдау үшін аудиторлық ұйымдардың реттеушісі – Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жібереді.

Тексеру қорытындысы бойынша Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңның талаптарын сақтамау фактілерін анықтау осындай аудиторлық компаниялардың іскерлік беделіне зор нұсқан келтіреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: