Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысындағы мектеп қазандығы неден жарылғаны белгілі болды

Түркістандағы мектеп қазандығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 12:17 Сурет: Түркістан облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметі
15 ақпанда Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Құрманғазы атындағы орта мектептің қазандығында жарылыс болған еді. Полицейлер «Адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

Жарылыс салдарынан 1963 жылы туған от жағушы оқиға орнында қаза тапты.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қызметкерлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады. Қылмыстық-процестік кодекске сай бұл фактіні тексеруге екі ай уақыт берілген.Сайрам аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Алмат Абидинов

Айта кетейік, жарылыстан оқушылар мен мұғалімдер зардап шеккен жоқ. Жарылыс кезінде олар қазандықтан 20 метр қашықтықта орналасқан көрші ғимаратта болған. Оқиғадан кейін оқушылар үйіне жіберілді. Қатты жарылыстан металл қазан жарылып кеткен. Мектеп оқушылары жылумен қамтамасыз ету жолға қойылғанша онлайн оқитын болады.

Марқұмның отбасына көмектесеміз. Заң бойынша барлық өтемақы төленеді. Бұған дейін мектепті газбен жылытуға көшу мәселесі көтерілген еді.Сайрам аудандық Даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлжан Сапарбеков

Алдын ала болжам бойынша, Ошақты ауылындағы мектепте болған жарылысқа жылытуға пайдаланылған сапасыз көмір себеп болуы мүмкін. Нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады. Сонымен қатар осы жылы мектепті газға қосу жоспарланып отыр.

Ошақтыға газ тартылып қойғанмен мектептің өзі әлі газға қосылмаған. Мораторий болған, қазір әлеуметтік нысандарды газға қосуға рұқсат берілді. Биыл көктемде Ошақтыдағы мектепке газ тартуды жоспарлап отырмыз.Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев

Еңбек инспекциясы от жағушының өлімін де тексерді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: