Мәжілісте мүгедектігі бар адамдардың мәселесі қозғалды

Депутаттық сауал, мәжіліс, мүгедек Сурет: pixabay
Мәжілісте депутат Ғани Ташқараев мүгедектікті белгілеу, оны қайта рәсімдеу және балалар үшін мүгедектікті қайта қарау мерзімін ұзартуға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл мүгедектер үшін күрделі мәселелердің бірі, өйткені мүгедектікті белгілеу – белгілі бір уақытты ғана емес, сонымен қатар көптеген құжаттарды жинауды және тапсыруды талап ететін өте күрделі, қағазбасты және медициналық-әлеуметтік сараптаманы талап етеді. Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, республикада 696 825 мүгедек бар. Оның ішінде 598 571 адам (85,9%) ересектер және 98 254 адам (14,1%) 18 жасқа дейінгі балалар бар.

Депутаттың айтуынша, бұл адамдардың өз бетінше көп құжат жинауы өте қиын. Ең алдымен, мүгедектер тұрақты тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға хабарласуы қажет. Яғни, ауыл тұрғыны 4 ай ішінде диагнозын қойып, оңалту бағдарламасы мен дәрігердің бақылауынан өту кестесін жасау үшін аудан орталығына келуі керек.

Содан кейін ғана түрлі құжаттарды жинауды талап ететін облыстық басқармаға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі. Бұлар да айтарлықтай уақытты талап етеді.

Осылайша, мүгедектікті алу мерзімі орта есеппен 2 айдан бір жылға дейін созылады. «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейнгі сайлау алды бағдарламасы іске асыру бойынша жол картасында мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. «Nur Otan» партиясының басты міндеттерінің бірі «Кедергісіз келешек» жобасын табысты іске асыру болып табылады.Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев

Ғани Ташқараев Денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерiнiң ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру жөнiндегi жұмыстарды жеделдету арқылы тек медициналық мекемеге ғана жүгiну арқылы мүгедектiктi белгiлеу рәсiмдерiн оңайлату және «есіктен есікке» қағидаты негізінде мүгедектердің сұранысқа ие нысандарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін тиімді нормативтік құқықтық актілерді жедел қабылдау тапсырылғанын тілге тиек етті.

Алайда бүгінгі күні мүгедектер мүгедектігін алу немесе растау мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан толық түсіністік таба алмай отыр. Олар өз мәселелерін әртүрлі құзырлы органдарға жеткізуге мәжбүр.Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев

Мысалы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми деректері бойынша 2021 жылы сотқа 102 талап арыз беріліп, қаралды. Оның ішінде 77 (75,5%) іс бойынша талап арыздар қанағаттандырудан бас тартылды және 25 іс бойынша арызданушылардың талаптары қанағаттандырылды.

Әдiлет органдарына өтiнiштердiң төмен көрсетiлуi, ең алдымен, аталған тұлғалардың жалпы денсаулық жағдайымен, сондай-ақ адвокаттың шығындарын өтей алмауымен байланысты. Мүгедектікті танудың қолданыстағы тетігімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Мүгедектердің пікірінше, қайта сараптамадан өту мәселелері мүлдем ақылға сыймайды және көп жағдайда осы мәселелермен айналысуға уәкілетті органдар мен мамандардың әрекетіне наразылық туғызады.Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев

Депутат сөзін қорытындылай келе, үкімет басына мынандай сауалдар жолдады:

1.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мүгедектікті белгілеу рәсімін оңайлату жөніндегі тапсырмасын уақытылы орындалмауының себептері қандай? Осы тапсырманы іске асыру бойынша қандай шаралар қабылданды?

2. Ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін медициналық растауды өту рәсімін оңайлату бойынша қандай жұмыстар жүргізілді? Тасымалдауға келмейтін адамдарды, сондай-ақ шалғайдағы елді мекендерде тұратын мүгедек адамдарды сырттай растау (қайта растау) бойынша қандай шаралар қабылданды?

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз